Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылының әкімі Нұржан Сейітов «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының «Үздік шаруашыл әкім» номинациясын жеңіп алды. Комиссия ауылдардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, тұрғындардың пікірлері мен ауыл басшыларының жобаларын бағалады. Әкімдердің жұмысы туралы Әдеп жөніндегі уәкілдер де өз пікірлерін білдірді.
Нұржан Сейітов 32 жаста. Ол Ақтоғай ауылында туып өскен. 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Тасарал ауылдық округінің әкімі қызметінде 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Жұбайы, Тасарал мектебінің мұғалімі, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Тасарал ауылы – облыстағы тамыры терең жайылған ауылдарының бірі. Ол 1929 жылы құрылған. Қазіргі уақытта онда 423 адам тұрады.
Ауылда 13 шаруа қожалығы және үш ЖШС жұмыс істейді, олардың екеуі балық аулаумен айналысады. Сондай-ақ, Тасаралда наубайхана мен аспаздық, шаштараз жұмыс істейді. Клуб пен медициналық пункт бар.
Орта мектепте 25 педагог 89 баланы оқытады. Әкім оқу орнына қосалқы сыныптарға арналған үй-жайлар салуды жоспарлап отыр, себебі жыл сайын оқушылар саны артып келеді. Келесі жылы Тасаралда балабақша ашылуы тиіс.
Ауыл жыл сайын өсіп келеді, оған жаңа тұрғындар қоныстануда. Ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту үшін қазандықты қайта жаңарту және бірінші кезекте көп балалы отбасылардың үйін жылуға қосу жоспарлануда.
Айта кетейік, «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екінші рет ұйымдастырды. Ол келесі номинациялардан тұрады: «Қазақстан Республикасының Үздік ауыл әкімі», «Үздік шаруашыл әкім», «Ашық әкім», «Үздік әлеуметтік жоба».
Өткен жылы «Ашық әкім» санатында Бұқар Жырау ауданы Центральное ауылдық округінің басшысы Самат Мейірманов жеңіске жетті.