"Абай" шахтасындағы 15.00-гі жағдай туралы

"Абай" шахтасындағы 15.00-гі жағдай туралы

Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдайдан кейін қазбалардан газ шығарады.

– Құрамында 12 адам бар екі тау-кен құтқару бөлімшесі кенет метан лақтырылғаннан кейін қазбаларды газсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Апаттық кенжарда атылғын тау-кен массасының ұзындығы шамамен 20 метрді құрайды. Шахтаның басқа жерлерінде ешқандай үйінділер жоқ, – деп түсіндірді Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің РОШ Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский.