Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады. Ол туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те мәлім етті.

Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады.

www.facebook.com