Нұра ауданында 16 жас кәсіпкер бизнес ашуға және дамытуға грант алды

Нұра ауданында 16 жас кәсіпкер бизнес ашуға және дамытуға грант алды

Нұра ауданында бизнесті ашу және дамытуға арналған әкім грантын тағайындау байқауының қорытындысы шығарылды. Қаржылай қолдауға 16 жас кәсіпкер иеленді.

Байқауға барлығы 20 бизнес-идея ұсынылды. Оның ішінде комиссия мүшелері ең лайықты деген 16 жобаны таңдады. Оларды жүзеге асырудың арқасында Нұра ауданында сұлулық салондары, жартылай фабрикаттар, шұжық және сүт өнімдерін шығаратын цехтар, кондитерлік дүкендер, перделер тігетін ателье, ТҚС, тігін салоны, көбік блоктары, тротуар плиткалары, сәндік тастар өндірісі, сондай-ақ қайталама шикізатты жинау және сығымдау компаниясы ашылады.

– Байқау ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мемлекет олар үшін барлық жағдай жасап отыр. Біз грант иегерлері үшін қуаныштымыз және оларға жемісті жұмыс тілейміз, – дейді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Уәлихан Оспанов.

Биыл ауданда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға 7 миллион теңге бөлінді.

– Мен 2019 жылы алғаш рет әкім грантына өтінім беріп, 500 мың теңге алдым. Осы ақшаға және жинаған қаражатыма мен Нұрда шаштараз аштым. Биыл бизнесті дамытуға өтінім бердім, халыққа маникюр қызметін көрсеткім келеді. Менің бизнес-жоспарым өтті, енді мен маникюр шеберін жұмысқа аламын, – дейді конкурс жеңімпазы 26 жастағы Әсем Кәрібаева. – Жастарға өз күштерін сынап көруге, конкурстарға қатысуға, ештеңеден қорықпауға кеңес беремін, себебі мемлекет бізге аяққа тұруға және сүйікті ісімізбен айналысуға тамаша мүмкіндік береді.