Қарағанды облысы тұрғындарының үштен бірінен астамы онлайн режимде санақтан өтті

Қарағанды облысы тұрғындарының үштен бірінен астамы онлайн режимде санақтан өтті

Қарағанды облысында онлайн-санаққа 490 мыңға жуық адам қатысты, бұл халықтың 35%-дан астамы.

Облыстық статистика департаментінің ақпараты бойынша, өңірде интернет-сауалнамада көшбасшылар үштігі анықталды. Бұл Ұлытау және Нұра аудандары, Приозёрск қаласы.

Онлайн санақ 15 қазанда аяқталады. Тағы жарты ай, 30 қазанға дейін сұхбат берушілердің үйді аралауы жалғасуда. Олар өз бетінше сауалнама жүргізбегендерге халық санағына қатысты сұрақтарын қояды.

31 қазаннан 7 қарашаға дейін іріктемелі 10 пайыздық бақылау айналысы өткізіледі.

Облыс бойынша 234 нұсқаушы-бақылаушы, 1 600-ге жуық интервьюер жиналды. Олардың барлығы коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер планшетпен жұмыс істеуге және сауалнама жүргізу әдістеріне оқытылған.

Аралаған кезде интервьюердің өзімен бірге фотосуреті бар куәлігі болуы тиіс. Құжаттың дұрыстығын sanaq.gov.kz сайтынан тексеруге болады. Бұдан басқа, интервьюерлерде халық санағының символикасы бар атрибутика – шарф және көк түсті портфель болады.

Барлық сұрақтар бойынша 1446 және 8-8000-800-878 тәулік бойғы call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. Сонымен қатар sanaq.gov.kz сайтында телефон нөмірлері бар өңірлердің call-орталықтарының тізімі бар.