«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алуға өтінімдер қабылданады

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алуға өтінімдер қабылданады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтёрі» халықаралық сыйлығы тағайындалады. Конкурсқа әлемнің кез келген елінен волонтерлер немесе волонтерлік ұйымдар қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 20 қазан сағат 18:30-ға дейін жалғасады.

Үміткерлер келесі құжаттарды электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматы) qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасына орналастырылуы тиіс:

1) үлгі бойынша тіркеу өтінімін;

2) волонтерлік ұйымдар үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

3) волонтерлік қызметке жататын жетістіктер туралы ұсыным хат және анықтама (бар болса);

4) волонтерлік қызметке жататын марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмелері (бар болса);

5) волонтерлік қызметке жататын үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса).

Төмендегі номинациялардың біреуінен ғана сыйлықақы алуға өтінім беруге болады:

1) «Үздік волонтерлік ұйым»;

2) «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;

3) «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысу»;

4) «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;

5) «Үздік әлеуметтік көмекші»;

6) «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;

7) «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;

8) «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;

9) «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;

10) «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;

11) «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;

12) «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»;

13) «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;

14) «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;

15) «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;

16) «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

Конкурстың толық шарттарымен мына жерде танысуға болады.