Жас қарағандылық үстел теннисінен Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Жас қарағандылық үстел теннисінен Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Қарағандылық он екі жасар спортшы Виктория Мочалкина үстел теннисінен Қазақстанның жасөспірімдер чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Түркістанда 2008 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында өтті.

Виктория әйелдер командасы, жеке біріншілік, қыздар жұбы және аралас жұпта жеңіске жетіп, төрт алтын алды.

–  Қиын болған жоқ. Мен барлық қарсыластармен бірнеше рет кездестім. Ең бастысы – алаңдамау, – деп бөлісті жеңімпаз. – Маған үстел теннисі ұнайды. Бұл құмарлық тудыратын, сонымен қатар реакцияны дамытатын ойын. Жалпы, бұл өте қызықты спорт.

Виктория үстел теннисімен 7 жылдан бері айналысып келеді. Көптеген жеңістерге қол жеткізген. Ол өз жас санаты бойынша республиканың бірнеше дүркін чемпионы, командалық есепте жастар арасында (21 жасқа дейін) ел чемпионы.

Табысты спортшының тәлімгері – Эльмира Әлиева, үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Қазір Виктория Мочалкина үстел теннисінен «Алтын күз» Халықаралық жасөспірімдер турниріне дайындалуда. Ол Алматыда 28 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.