Диоптаз, пирит, агат, малахит, кальцит, кварц, агаттар мен саф тастарды Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығындағы геологиялық көрмеде тамашалауға болады. Іс-шара Теміртау қаласының күніне арналған.
Қарағанды облысының аумағында алтынның, молибденнің, мырыштың, қорғасынның, марганецтің, вольфрамның үлкен қорлары, көмірдің орасан зор қорлары, табысты игеріліп жатқан темір және полиметалл кендерінің шоғырлары, сондай-ақ асбест, оптикалық кварц, мәрмәр, гранит, бағалы және ұсақ тастар, мыс, мұнай, газ кен орындары шоғырланған.
«Қазақстан жер қойнауының қазыналары» экспозициясында пайдалы қазбалардың 50-ге жуық үлгісі ұсынылған. Мұнда Қазақстан мен Қарағанды өңірінің минералогиясы туралы баяндайтын геологиялық барлау жұмыстарының 30-ға жуық фотосуреті орналастырылған. Барлық жәдігерлер мен фотосуреттер Қарағанды геологиялық мұражайының топтамасынан алынған.
Теміртауда мұндай геологиялық көрме алғаш рет өткізіліп отыр.
Экспозиция 29 қазанға дейін жалғасады.
Кіру тегін.
Анықтама телефондары: (8-7213) 91-43-94.