340 мыңнан астам қарағандылық онлайн-режимде санақтан өтті

340 мыңнан астам қарағандылық онлайн-режимде санақтан өтті

Қарағанды облысында 27 қыркүйек сағат 08:00-дегі жағдай бойынша онлайн-санақтан 340 743 тұрғын өтті. Өңір халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 24,8% құрайды.

Онлайн-санақта Ұлытау ауданы көш бастап тұр. Мұнда тұрғындардың 41,6%-ы интернет-сауалнамадан өтті. Екінші орында Нұра ауданы – 40% және үшінші Приозерск – 33,4%.

Онлайн сұрақтарға ең аз жауап бергендер саны Қарағанды мен Сәтбаев қалаларында. Бұл шаһарларда сәйкесінше халықтың 21,7% және 21,6% халық санағына қатысты.

stat.gov.kz