Қарағанды облысының 1,7 мың тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінде уақытша мәртебеге ие болды

Қарағанды облысының 1,7 мың тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінде уақытша мәртебеге ие болды

Осы жылдың басынан бастап медициналық сақтандыру қорына уақытша мәртебе алу үшін Қарағанды облысының 1,7 мың тұрғыны жүгінген. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап өңір тұрғындарынан ресми кері байланыс арналарына 18 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Олардың негізгі бөлігі консультативтік сипатта.

– Уақытша мәртебе жеңілдікті 15 санаттың біріне жататын, бірақ қандай да бір себептермен сақтандырылмаған азаматтарға беріледі. Облыста мұндай өтініштер көбінесе жұмыс істемейтін жүкті әйелдерден, сондай-ақ шетелде оқитын студенттерден және жұмыссыз ретінде есепте тұрған студенттерден түседі, – деп хабарлады медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Уақытша мәртебе бір рет және бір айға беріледі. Осы уақыт ішінде жеңілдік санатын алу немесе қалпына келтіру үшін тиісті органдарға хабарласу қажет. Уақытша мәртебеге ие болу үшін өтініш беруші қолданыстағы жеңілдік санатын растайтын құжатты өтінішіне тіркеуі керек.

Сондай-ақ, жыл басынан бері облыс тұрғындарынан медициналық сақтандыру қорына 900-ден астам шағым түскен. Пациенттер медициналық көмек көрсетуден бас тартуға, амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына шағымданды. Шағымдар расталған жағдайда медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға экономикалық ықпал ету шараларын қолданды.

Осы жылдың алты айында Қор жалпы сомасы 662,9 миллион теңгеге медициналық көмек көрсетудің 30 мыңнан астам ақауын анықтады.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша