Қарағанды театрының сахнасында "Валентин күні" спектаклі қойылады

Қарағанды театрының сахнасында "Валентин күні" спектаклі қойылады

Қарағандылықтарды 25 және 26 қыркүйекте К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтетін "Валентин күні" спектаклінің премьерасына шақырады.

70-ші жылдардағы әйгілі Михаил Рощиннің үлгілі қыз Валя мен Валентин атты ұл бала туралы махаббат пьесасы жалғасын тапты. Оны драматург және режиссер Иван Вырыпаев жазды. Оның Валентині 70-ші жылдары көршісі Катяға үйленген. Ал 15 жылдан кейін ол өзінің алғашқы махаббатын қайтадан кездестірді. Олардың арасындағы сезім қайта жанданды.

Бірақ есейген Валентин Катяны тастай алмайды және бес жыл бойы екі әйелдің арасында жүреді. Ғашықтардың махаббат шым-шытырығын тек оның өлімі ғана аяқтайды. Валентин сүйікті Валясыгның туған күнінде жүрегі тоқтап, қайтыс болады.

Станиславский театрының сахнасында осы сюжеттің жалғасы көрсетіледі. Валентиннің көз жұмғанына 20 жыл өтті, ал оның әйелдері бір бірімен көршілес тұрады, сүйіктісін естеріне алады және сол үшін ұрысады.

"Валентин күні" спектаклі өмір бойына созылған адам махаббатының тарихын бейнелейді, деп атап өтті театрда.

Спектакльдің қоюшы-режиссері – Аршад Алекперов (Ресей). Ол жаңа қойылымды трагифарс деп санайды. Қоюшы-суретші – Елена Ким.

Сахнада көрермендер Алена Волох, Марина Марычева, Константин Снегирев және Светлана Федоренконың өнерін тамашалай алады.