23 тамыздан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті міндетті брондау жойылады. Қазақстандықтар Ashyq жүйесі бойынша ХҚКО-ға бара алады.
– Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс режимі бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, ал брондау күні көбінесе бірнеше аптаға созылды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді міндетті алдын ала брондаусыз ала алады, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Әділ Қожықов. – Бұл ретте орталыққа баруды электронды тәсілмен брондау мүмкіндігі қалады. Бұл жағдайда клиенттің артықшылығы болады, сондықтан ол операторға ұзақ күтпестен кіре алады.
Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін Ashyq-пен біріктірді. Бұл ХҚКО-да кезекке талондарды беру кезінде клиенттің мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда клиенттің ЖСН теру кезінде ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен салыстырылады. Қауіпсіз емес мәртебе анықталған кезде бағдарлама талонды басып шығармайды.
– Брондауды жойғаннан кейін келушілер ағыны артатынын түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз, – деді Әділ Қожықов отандастарына.