Қарағандыда "Тұлға" өнер және білім орталығы ашылды

Қарағандыда "Тұлға" өнер және білім орталығы ашылды

Қарағандыда қала тұрғыны Өркен Мировтың және облыс әкімінің грантының арқасында арқасында "Тұлға" өнер және білім орталығы ашылды. Ол екі бағытта жұмыс істейді – музыкалық және білім беру.

Өркен – кәсіби эстрадалық вокалист. Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін бітірген. Домбырада ойнайды. Мектеп ашу туралы арманы бұрыннан болған. Грант туралы естіген бетте, шығармашыл жастарға арналған оқу орнын ашу туралы жобасын іске асыруға бел буады.

– Жоба жазған кезде қатты уайымдадым, – дейді Өркен. – Дегенмен, грант алу конкурсында жеңіске жеттік. Өткен жылы бір миллион теңге берілді, бірақ пандемияға байланысты ашылуға дайындық процесін сәл кешіктіруге тура келді. Бөлінген қаражатқа музыкалық аспаптар, арнайы жабдықтар, Оқу материалдарын сатып алдық.

Өркеннің айтуынша, орталық – бұл бірлескен жоба. Егер Өркен шығармашылық бөлімге жауап берсе, оның ағасы Олжас ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерді шешеді. Ағайынды Мировтар мектептің ашылуын анасы Айнұр Жаппарқұловаға арнады.

– Анам – қазақ тілінің оқытушысы. Кәсіби емес болса да, музыкаға да қатысы бар, – дейді Өркен. – Ол ән айтады, домбыра, гитара, фортепианода ойнайды. Біздің орталықта шешендік шеберлік пен сөйлеу мәдениеті оқытылады. Біздің мектеп оның есімімен аталады.

8 жастан бастап шығармашылық балаларға эстрадалық вокал, халық әні, домбыра, фортепиано, гитара, актерлік шеберлік оқытылады. Екінші бағыт бойынша ҰБТ-ға дайындық курстары ашылады, ал 5-ші және 9-шы сынып оқушылары жалпы білім беретін пәндер мен тілдер бойынша өз білімдерін шыңдай алады.