Қарағанды облысында жем-шөптің 80%-ы дайындалды

Қарағанды облысында жем-шөптің 80%-ы дайындалды

Қарағанды облысының фермерлері мал азығын дайындауды жалғастыруда. Бүгінде 80% жиналды.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек дайындау науқаны мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді.

– Бүгінгі күні жоспар бойынша 2,3 млн тонна болса, 1 млн 860 мың тонна ірі жем дайындалды, оның ішінде 292,2 мың тонна көпжылдық шөп, немесе белгіленген көлемнің 80%. Бұл республикадағы төртінші көрсеткіш, – деді Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сырым Бошпанов.

Бұдан басқа, 6,5 мың тонна пішендеме, 1,5 мың тонна сүрлем дайындалды.

Шөп шабу науқанына 30 мыңға жуық техника жұмылдырылды.

Кеңесте сондай-ақ Ұлытау ауданындағы табиғи өрттерден зардап шеккен фермерлерге қандай көмек көрсетілгені туралы айтылды.

Өртенген шабындық жерлер үшін өтемақы ретінде тараптардың келісімі бойынша босалқы жерлерден және фермерлердің пайдаланылмайтын жерлерінен алаңдар бөлінеді. Өрт кезінде қаза болған мал үшін фермер 17 млн теңгеге жуық қаражат алады.

Мемлекет тарапынан шөп шабу науқанына қосымша 3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Шөп дайындаушылармен 40%-дан астам мал шоғырланған жеке қосалқы шаруашылықтар үшін шөп бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойылады.

Мәселелерді жедел шешу үшін өңірлік штабтар жұмыс істейді.

– Жалпы жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде. Көптеген шаруашылықтар алға жылжуда. Үш ауданда жаңбырдың салдарынан артта қалу болды, бірақ қазір ауа-райы қалыпты, олар егін жинауды уақытында аяқтай алады. Туындаған мәселелер жедел шешілуде, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.