Жаз-2021: Қарағандының "Жасыл ел" жасақтарына 320 адам жұмысқа орналастырылды

Жаз-2021: Қарағандының "Жасыл ел" жасақтарына 320 адам жұмысқа орналастырылды

Тамыз айында Қарағанды қаласының "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының қатары тағы 50 жауынгермен толықты. Олар саябақтар мен алаңдарда жұмыс істейді. Осы жылдың жаз мезгілінде 320 адам жұмысқа орналастырылды.

– 1 маусымда Қарағандыда "Жасыл ел" жұмыс маусымы басталды. Екі жазғы айдың қорытындысы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы 270 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 27 көп балалы және 17 толық емес отбасынан, 5 адам құқық қорғау органдарында есепте тұрғандар. Олар қалалық саябақтар мен гүлзарларды абаттандырумен және көгалдандырумен айналысты, – деді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының басшысы Сымбат Әубәкірова.

Жауынгерлер Орталық саябақта, Мәңгілік алау алаңында, Жеңіс саябағында, облыстық мешіт аумағында, триатлон саябағында, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің жанындағы гүлзарларда, Н. Назарбаев пен Н. Әбдіров даңғылдарында, Абай көшесінде жұмыс істеді.

Тамыз айында тағы 50 жауынгер жұмысқа кірісті. Осы жылдың жаз мезгілінде "Жасыл ел" бағдарламасы аясында Қарағандыда 320 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар еңбек жасақтары қыркүйекке дейін жұмыс істейтін болады.

Жасыл ел жауынгерлері тек еңбек етіп қана қоймай, түрлі экоквесттерге, челлендждер мен тренингтерге де қатысады.