Қарағанды облысында КВИ-мен ауыратын науқастарға арналған 5 мыңнан астам төсек-орын бар

Қарағанды облысында КВИ-мен ауыратын науқастарға арналған 5 мыңнан астам төсек-орын бар

Қарағанды облысында күн сайын 700–900 COVID-19 оқиғасы тіркеледі. КВИ-мен ауыратын науқастар үшін облыста 5 679 төсек-орын бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Бүгінгі күні КВИ дертіне шалдыққан науқастарға арналған 5 679 төсектің 2 727-і бос емес. Реанимацияда 134 пациент бар, өкпені жасанды желдету аппаратына 30 адам қосылған.

– Біз ең көп аурушаңдық тіркелген өңірлерде резервтік төсектерді қосуды жалғастырудамыз. Қарағандыда 380 төсек орны ашылды. Жалпы саны 2971 бірлікке дейін жеткізілді. Жүктеме 52,3%-ды құрайды, – деп хабарлады Гамаль Тоқсамбаев. – Сондай-ақ, өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысы күшейтілді, онда симптомсыз және жеңіл түрі бар пациенттерге үйде мультидисциплинарлық бригадалар қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. 26 компьютерлік томограф бар, оның ішінде 22 КВИ бар пациенттерде өкпе жүйесінің зақымдануын диагностикалауға қатысады.

– Бізде 40 сандық рентген-қондырғы, 364 ӨЖЖ аппараты бар. 25 ауруханада медициналық газ таратудың орталықтандырылған жүйесі бар. Тәулігіне 15,6 мың сынаманың тәуліктік қуаты бар 10 ПТР-зертхананың жұмысы қамтамасыз етілді. Қорда 140 мың тест бар, – деп толықтырды облыстың бас дәрігері.

Пациенттерге үйде қызмет көрсету үшін санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген 329 емханалық мобильді бригада жұмыс істейді. Жедел медициналық көмекті 105 бригада көрсетеді. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда маршрутқа тағы 20 қосымша бригада шығарылатын болады. Медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарының үш айлық азаймайтын қоры бар, деп атап өтті спикер.

Қарағанды облысында КВИ ауруының 56 795 жағдайы тіркелді, 45 663 адам сауығып кетті.