Қарағанды техникалық университеті вакцинациядан өткендерге сыйлықтар береді

Қарағанды техникалық университеті вакцинациядан өткендерге сыйлықтар береді

Спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдамалар, ағылшын тілі курстары және университет ректорының стипендиясын тағайындау кезінде басымдық. Қарағанды техникалық университеті вакцинациядан өткендер үшін осындай ынталандыру туралы жариялады.

Бүгінгі таңда ЖОО-да студенттердің 22%-ы және қызметкерлер мен оқытушылардың 76%-ы коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.

– Акция жариялай отырып, біз студенттерге басты назар аударамыз, – деп түсіндіреді тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Мирас Құттыбай. – Бұл күзгі семестрде ағылшын тілін үйрену бойынша тегін курстар. Барлығы 30 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жыл сайын университет ректорының стипендиялары тағайындалады. Биылғы жылы вакцинацияланғандарға басымдық беріледі.

Сондай-ақ, "Политехник" спорттық-сауықтыру лагеріне бір аптаға тегін жолдамалар ойнатылады. Келесі жылдың жазында баруға болады. Жолдамалар студенттер, қызметкерлер мен оқытушылар арасында ойнатылады. Вакцинаны 10 тамызға дейін алғандардың барлығы қатыса алады. Ұтыс ойыны қыркүйек айының басында өтеді.

– Мен өзім сәуір айында екпе алдым, – дейді Мирас Құттыбай. – Қазір мені қан орталығына шақырады. Донор ретінде мен ковид-науқастарға плазма тапсырамын. Вакцинация пандемияны жеңуге көмектеседі деп санаймын.