Игі істер марафоны: Осакаров ауданының Родниковское ауылында балалар және волейбол алаңдары орнатылды

Игі істер марафоны: Осакаров ауданының Родниковское ауылында балалар және волейбол алаңдары орнатылды

Осакаров ауданының Родниковское ауылында балалар және волейбол алаңдары пайда болды. Оларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Родниковское" совхозы" ЖШС орнатты.

Жаңа алаң барлық жастағы ауыл тұрғындарына арналған. Балаларды әткеншектер мен ойын алаңқайы қуантса, ал ересектердің көңілінен спорттық жабдықтар шықты.

Родниковский тұрғындары таза ауада спортпен шұғылдану үшін волейболшылар тобын жинап жатыр.

Ал "Родниковское" совхозы" ЖШС саябақ аумағын абаттандыра отырып, "Игі істер марафонын" жалғастыруда.