Қарағанды облысында Ashyq жүйесі бойынша 1 700-ден астам бизнес нысаны жұмыс істейді

Қарағанды облысында Ashyq жүйесі бойынша 1 700-ден астам бизнес нысаны жұмыс істейді

Қарағанды облысында Ashyq жүйесіне сауда үйлері мен автовокзал қосылды. Бүгінгі таңда өңірде келушілердің мәртебесін анықтайтын қосымшамен 1 721 бизнес нысаны жұмыс істейді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, облыста Ashyq-ты 65 сауда-ойын-сауық орталығы қолданылады. Ғимаратқа кіру - "жасыл" және "көк" мәртебелері арқылы ғана рұқсат етіледі.

Қосымшаның арқасында маусым айынан бастап "қызыл" мәртебесі бар 228, "сары"мәртебесі бар 401 келуші анықталды.

– Кіре берісте Ashyq арқылы күзетшілер барлық келушілердің мәртебесін тексереді. Егер жолаушыда қосымша орнатылмаған болса, онда ЖСН тіркеу қажет. Сондай-ақ, Ashyq әр тасымалдаушы компанияның автобустарында бар, – деді Қарағанды автовокзалы директорының орынбасары Гүлнәр Мұқатова.