
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттарын тағайындау конкурсының басталғаны туралы жариялады. Әрбір адам 3 миллион теңгеге 30 грант алады. Конкурстық өтінімдерді қабылдау басталып, 20 қыркүйекке дейін жалғасады.
Гранттар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жобалар мен жаңа идеяларды іске асыруға дарынды жастарға беріледі, бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтып берді.
– "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында әзірленді. "Ғылым", "Мәдениет", "Бизнес", "Ақпараттық технологиялар", "Медиа" бағыттары бойынша өз жобалары мен жаңа идеяларын іске асыру үшін дарынды жастар өкілдеріне 30 грант беру жоспарлануда. Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте 14-29 жас аралығындағы жастар грант алуға үміткер болады, – деп атап өтті Шахмардан Байманов.
Конкурстық өтінімдер 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі (14-кіреберіс). Электрондық түрде поштаға generation.kaz@gmail.com. байланыс деректері: (8-7172) 74-05-25, 8-705-822-33-33.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
- жобаның сипаттамасы;
- жобаның бейнепрезентациясы (60 секундтан артық емес);
- шығындар сметасының жобасы;
- зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).
Гранттарды тағайындау қағидалары туралы толық ақпаратпен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/article/details/57377?lang=kk.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша