Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы автожолдарды жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын тексерді

Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы автожолдарды жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын тексерді

Қарағандыда ауқымды жол жұмыстары жалғасуда. Майқұдықтың бас көшесін қалпына келтіруге 100 бірлік техника мен 250 жұмысшы жұмылдырылды. Жетінші магистральға күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Қаланы аралау барысында жұмыс барысы мен сапасын Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тексерді.

– Биыл Костенко атындағы шахтаның қиылысынан Пригородная көшесіне дейін жетті. Жол учаскелермен бөлек-бөлек ашылады. 25 шілдеге қарай Волгодонская көшесі маңындағы айналма жол айрығынан Пригородная көшесіне дейін учаскені ашуды жоспарлап отырмыз, – деп хабарлады Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Оның айтуынша, барлық күрделі учаскелер артта қалды. Терешкова көшесі мен 7-ші магистральдың қиылысында жер асты сулары шайып кетпеуі үшін негіз көтерілді. Асфальт төсеуге дайындық жүріп жатыр. Әрі қарай құрылысшылар ХМК жол өтпесі ауданына көшеді.

Жеңіс Қасымбек Карл Маркс – Магнитогорская көшелері бойынша жолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын көрді. Восток-5 және 1 шағын аудандары арасындағы учаске бойынша топырақты талдау жүргізілді. Нөсер кәріздерін орнату бойынша жұмыстар орындалды. Қазір мұнда жол "жабынын" жинау жүріп жатыр. Асфальтбетонның төменгі қабаты 70%-ға, жоғарғы қабаты 21%-ға төселді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер тротуарлары жабдықталып, жаңа жарықтандыру тіректері орнатыла бастады.

Облыс әкімі Бұқар Жырау ауданының Доскей кентінде де болды. Өңір басшысын қараусыз қалған бес қабатты үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқаны қызықтырды. Ондай үйлердің саны 10. Өткен жылы жергілікті бюджет қаржысына бір үй жөнделіп, кезекте тұрғандарға пәтер берілді. Биыл үш үй облыстық басқармаларға – дәрігерлерге, мұғалімдерге және мәдениет қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй берілді.

Бұқар Жырау ауданының әкімі Сержан Аймақов жыл соңына дейін кезекте тұрғандар үшін тағы екі бес қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Бұқар Жырау ауданында тұрғын үй алу кезегінде 1 200-ден астам адам тұр, оның ішінде Доскейде - 200 адам.