KMF МҚҰ және "KMF-Демеу" қоры KMF Isker hanymy 2021 кәсіпкер әйелдер арасындағы республикалық байқауын бастады. Сыйлық бизнестің үздік өкілдеріне беріледі.
Кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ KMF МҚҰ-ның жұмыс істейтін клиенттері және кемінде үш несиесін өтеген адамдар конкурсқа қатысушы бола алады.
Төрт номинация жарияланды:" Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін", "Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін", "Әлеуметтік бизнес" және "Қазылар алқасының сыйлығы". Жеңімпаздарға бизнесті дамытуға, тұрмыстық техника сатып алуға және саяхатқа 500 мың теңгеден сертификаттар беріледі. KMF Isker hanymy 2021 атағының иегері миллион теңгеге сертификат алады.
Өтінімді kmfiskerhanymy.kz сайтында 1 қазанға дейін беруге болады. Іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар: сыртқы жағымсыз жағдайларға орнықты бизнес, пайданың үздіксіз өсуі және/немесе жұмыс орындарын құру болады. Үміткерлерді іріктеуді сараптамалық қазылар алқасы жүргізеді, оның құрамына Франкфурт қаржы мектебінің өкілдері кіреді. Қорытынды 5 желтоқсанда KMF Isker Hanymy конференциясында шығарылады.
– Бизнеспен айналысатын әйелдерді қолдау – негізімізді қаланған сәттен бастап біздің дәстүрлі бағытымыз болып табылады, – дейді "KMF-Демеу" қорының директоры Әсел Шегебаева. – Бізде клиенттердің 60%-ы – әйелдер. Біз бизнеспен айналысу қаншалықты қиын жұмыс екенін білеміз, ол табандылықты, шыдамдылықты және көп еңбекқорлықты талап етеді. KMF Isker hanymy сыйлығы біздің қоғамдағы, бизнестегі, отбасындағы әйел мәртебесін нығайтуға бағытталған бастамаларымыздың қатарындағы жобалардың бірі.
Байқауға қатысу ережелерімен толығырақ kmfiskerhanymy.kz сайтында танысуға болады.