Ұлытау ауданындағы жағдай туралы

Ұлытау ауданындағы жағдай туралы

Ұлытау ауданының Жангелді, Ақтас, Амангелді үш ауылдық округінде дала табиғи өрттері болуына байланысты ТЖ режимі жарияланды.

Өрт далаға тарауда. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ. Жағдай Қарағанды облысы ТЖД тұрақты бақылауында. Өртті жою бойынша операцияны басқару ТЖ болып жатқан ауданға келіп жеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды.

Ұлытау ауданының үш округіндегі дала өрттерін жоюға 216 адам және 28 бірлік техника тартылды.

Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр.