«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» республикалық онлайн-байқауының бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» республикалық онлайн-байқауының бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ақындар мен суретшілер арасындағы «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» республикалық онлайн-байқауының I кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Байқауды алғаш рет «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігі Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізеді.

Сайысқа 101 қазақстандық суретші 300-ден астам картиналарын ұсынды. Оның ішінде сегіз қатысушы үздік деп танылды. Олар: «Шахтер» картинасы бар Аршын Қабылбек, Өмірзақ Рыстан – «Ұрпақ қорғаны», Толқын Талапбек – «Көсем», Дәуренбек Бекназар – «Көкейкесті», Рахат Сапаралинова – «Тас тынысы», Аманат Назарқұл – «Ұлы дала кардиограммасы», Серікжан Ысқақбек – «Қоянды жәрмеңкесі» және Құмар Омархан – «Ақселеу Сейдімбек». Олардың жұмыстарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады http://madeniportal.kz/article/6268.

Байқаудың II кезеңіне ақындар сегіз жеңімпаз туындының біреуін таңдап, осы сурет бойынша бір поэтикалық шығарманы (өлеңді) жібере алады. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы 26 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді.

Ақындар шығармалары мен жеңімпаз-картиналардан үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде альбом дайындалады. Альбом түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, арнайы түсірілген бейнероликтерге сілтеме жасайтын QR-кодтармен бірге шығарылады.

madeniportal.kz