Қазақстан Журналистер одағы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқауды қорытындылады. Биыл «Репортерлік жұмыс» номинациясы бойынша қарағандылық – Ortalyq Qazaqstan облыстық газетінің шеф-редакторы Нұрқанат Қанапия лауреат атанды.
Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 репортаж дайындағаны үшін ҚР Журналистер одағының сыйлығына ие болды. Нұрқанат Қанапия еңбек жолын 2009 жылы «Балқаш өңірі» газетінде бастаған, 2012 жылы Ortalyq Qazaqstan тілшісі болып, кейіннен шеф-редактор қызметін атқарған.
– Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде және біздің газетіміздің редакциясы бұл оқиғадан тыс қала алмады, сондықтан біз осы күнге дейін бірқатар мақалаларды шығаруды ұйғардық. Мен өзім репортаж дайындауды қолға алдым. Шахтада, далада, зауытта болып қайттым – біздің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық аспектілерін қамтуға тырыстым, – деді Нұрқанат Қанапия. – Менің репортаждарымның жоғары бағаланғанына өте қуаныштымын.
Лауреатқа дипломды Қазақстан Журналистер одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Садықанов табыс етті.
Сондай-ақ Ortalyq Qazaqstan-ның меншікті тілшісі Мүсіркеп Сейдахмет «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісіне ие болды. Ол еңбек демалысына шыққанына қарамастан, газет оқырмандарын Ақтоғай және Шет аудандары туралы материалдарымен қуантуды жалғастыруда.
– Менің өңірдің баспа басылымдарындағы еңбек өтілім 22 жылды құрайды. Бұл мамандыққа мені ұстазым әрі тәлімгер-журналист Үмітай Жармағамбетов аллып келлді. Ол менің қабілеттерімді көрді. Сол кісінің арқасында мен өзімді корреспондент ретінде де, жауапты хатшы ретінде де жүзеге асыра алдым, редактор болдым. Мен осыдан үш жыл бұрын зейнетке шықтым, бірақ қол қусырып отыра алмаймын, сондықтан «Ақтоғай ажары» және Ortalyq Qazaqstan газеттеріне мақалалар жазамын. «Құрметті журналист» атағы мен үшін үлкен құрмет, – деп атап өтті Мүсіркеп Сейдахмет.