Қарағанды кітапханасы балаларға арналған тегін дамыту алаңдарын дайындады

Қарағанды кітапханасы балаларға арналған тегін дамыту алаңдарын дайындады

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханадағы жаз» жобасының ашылуы туралы хабарлайды. Қызығушылық танытқан оқырмандар тілдер әлеміне еніп, түрлі ойындарға, байқауларға қатысып, шығармашылық тапсырмаларды орындай алады. Сондай-ақ танымдық сабақтар мен экскурсиялар жоспарланған. Барлық іс-шараларға алдын-ала жазылу арқылы тегін кіруге болады.

Барлығы сегіз алаң жұмыс істейді:

- «Жазғы оқу шытырман оқиғаға бастайды» – Қарағанды облысының киелі естелік орындарына саяхат;

- «Summer fun with language!» (Қызықты ағылшын) – ағылшын тілін ойын арқылы үйрену сабақтары;

- «Қызықты қазақ тілі» – қазақ тілін ойындар мен ертегілер оқу арқылы меңгеру;

- «Жаз, ойындар, Мен...» – суреттер байқауы, ойындар мен викториналар;

- «Қиялдар әлемі» – балаларға арналған домбыра сабағы, шеберлік сағаттар мен ұлттық ойындар;

- «Нескучайка» шығармашалық шеберханасы – балаларға арналған шеберлік сағаттар, қолөнер сайыстары, «Көңілашар» балалар ойын бұрышы;

- «Балаларға базарлық» – балаларға арналған жаңа кітаптармен танысу, поэзиялық викториналар;

- «Ертегілер еліне саяхат» – әдеби дартс, онлайн-ертегілер тыңдау, мультфильмдер көру.

– 2021 жыл біздің тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өтуімізбен айрықша. Сондай-ақ, бұл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылы, – дейді кітапхана басшысының орынбасары Гаухар Үмбединова. – Жазғы алаң түрлі конкурстармен, акциялармен, шеберлік сабақтарымен қызықты болады. Біздің мақсатымыз – мүмкіндігінше көп оқырмандарды тарту және бос уақытты мәдени-танымдық етіп ұйымдастыру.

«Кітапханадағы жаз» бағдарламасына 5 жастан 16 жасқа дейінгі қарағандылықтар қатыса алады.

Алаңдар аптасына екі рет – дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Акция 19 тамызға дейін жалғасады.

Толық ақпарат және жазба мына телефондар бойынша: (8-7212) 56-76-55, 56-74-64.

Сондай-ақ кітапханада 23 тамызға дейін «Жазғы оқу залы» жұмыс істейді. Ол сейсенбі мен бейсенбіде 11:00-ден 16:00-ге дейін ашық. Оқу қаласына келушілер «Оқыңыз және басқасына беріңіз!» атты буккроссингке қатысу үшін үй кітапханаларынан кітаптар алып келе алады.