Жас мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық турнирде жезқазғандықтар жеңіске жетті

Жас мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық турнирде жезқазғандықтар жеңіске жетті

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жас мәдениет қайраткерлері арасында шағын футболдан ONER CUP республикалық турнирі өтті. Бірінші орынға Жезқазған құрамасы қол жеткізді.

Турнир Jas Otan жастар қанаты мен елімізге танымал шоумен Айбат Никулиннің қолдауымен өтті. Шара карантиндік шектеулерді ескере отырып, көрермендерсіз өтті.

Жарысқа Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Талдықорған, Қостанай, Алматы қалаларынан 16 құрама команда қатысты.

Турнирде Жезқазған құрамасы көш бастады. Екінші орында талдықорғандықтар, үшінші орында – балқаштықтар.

Сонымен қатар, "Үздік қақпашы", "Үздік ойыншы", "Үздік қорғаушы", "Үздік шабуылшы", "Үздік гол" номинацияларының жеңімпаздары анықталды. Олардың барлығы арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі турнирді жеңімпаздар қаласы Жезқазғанда өткізу жоспарланған.