Қарағанды облысында мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеу аяқталды. Өтінімдерді 1 095 оқушы берді, оның ішінде 1 028-і офлайн-тестілеуден өтті.
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін комиссия құрамында "Адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының, Бірінші Қарағанды телеарнасының, Saryarqa Aqparat медиахолдингінің, Е. А. Бөкетов атындағы университеттің, Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері, "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының жауапты қызметкерлері және т. б. қатысты.
Конкурстың қорытынды нәтижелері qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған.