Спасск мемориалында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері сенбілік өткізді

Спасск мемориалында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері сенбілік өткізді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында облыстық этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері Спасск мемориалының аумағын ретке келтірді. Биылғы жылы карантиндік шектеулерге байланысты жыл сайынғы митинг өткізілмейді.

Спасск мемориалдық кешені тоталитарлық жүйенің құрбандарын жерлеу орнында құрылды. Мұнда 1930-1950 жылдары КСРО ІІХК – ІІМ бөлімшелері, сондай-ақ әскери тұтқындар мен тұтқындалған шетел азаматтарына арналған лагерь орналасқан. Мұрағаттық мәліметтер бойынша, Спасск зиратында 50-ден астам ұлттың 5 мыңнан астам әскери тұтқындары жерленген.

Қарағанды билігінің бастамасымен 2004 жылы қорымның орнында мемориал ашылды. Бүгінде мұнда түрлі мемлекеттер 28 ескерткіш белгі орнатты.

– 31 мамыр – аза тұту күні, ата-бабалар туралы естеліктер және қазақ халқына алғыс айту күні. Бұл жай ғана әдемі сөздер емес. Сол уақыттың куәгерлерінің әңгімелерін тыңдағанда бүгінгі бейбіт уақытымыз қаншалықты құнды екенін түсінеміз. Жас қазақстандықтардың өз тарихын білгенін қалаймын. Сонда еліміздің тарихында қара дақтар болмайды, – деді кәрістер этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким.

Фото: facebook.com/permalink