Балқаштық меценат 100 аз қамтылған отбасыға азық-түлік сатып алды

Балқаштық меценат 100 аз қамтылған отбасыға азық-түлік сатып алды

Балқаш қаласында тұратын бизнесмен Серік Қасымбеков өз қорынан 100 мұқтаж отбасы үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға 2 млн теңге бөлді. Осылайша ер адам «Ел тірегі – Елбасы» республикалық акциясына қатысты.

– Игі істер жасау – халқымызға тән қасиет. Мен қаламыздың кәсіпкерлерін қайырымдылыққа белсенді қатысуға шақырамын, – деді Серік Қасымбеков.

Азық-түлік жиынтығына ұн, макарон, күріш, қант, өсімдік майы және кәмпиттер кірді. Қайырымдылық көмекті буып-түюге және тасымалдауға еріктілер қатысты.

– Азық-түлік себеттерін алу тізімінде мүгедектігі бар азаматтар, мүмкіндігі шектеулі балалар, жұмыссыздар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінде болатын азаматтар бар, – деді Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлмира Махтбекова.