Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау 28 мамырда басталады

Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау 28 мамырда басталады

28 мамыр мен 5 маусым аралығында 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары өтеді. Оқушылар қорытынды аттестаттаудан үш пән бойынша өтеді: оқыту тілі бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан; математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан; басқа тілде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

1–10 маусым аралығында 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары өтеді. Мектеп түлектері төрт пән бойынша емтихан тапсырады: эссе түріндегі оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан; алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан; Қазақстан тарихы бойынша тестілеу; басқа тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі бойынша тестілеу.

Қазақстанда 2020–2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 11 (12) сынып түлектері – 150 мыңға жуық, 9-сынып оқушылары – 270 мыңға жуық.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша