Жезқазған жастары атақты қазақстандық әнші және композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алу челленджіне бастамашы болды. Онлайн-акция Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні өтеді.
Оған барлық тілек білдірушілер қосыла алады. Ол үшін 7 мамыр күні сағат 11:00-де "Атамекен" әнін орындап, бейнежазбаны жазып, әлеуметтік желіге #АтамекенЖүрегімізде#, #ОтанымызҚазақстан##Ескендірағаәндері# хештегтерімен орналастыру керек.
"Атамекен" әнін бірге шырқаймыз" онлайн-акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. 1970 жылы жазылған бұл шығарма патриоттық әндердің бірі болып табылады. Онда қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленген", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.