
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "ЭкоОбраз" қоғамдық бірлестігімен серіктесе отыоып "Өмір ағашы" шығармашылық байқауын өткізбек. Шара 1-31 мамыр аралығында өтеді.
Байқауүа Қарағанды облысының аумағында тұратын 6 жастан 24 жасқа дейінгі балалар мен жастар қатыса алады.
Барлығы бес номинация:
- "тарихы бар ағаш" репортажы;
- "ағаштардың сыбырлаған әңгімелері" өлеңі мен прозасы;
- "Қарағанды облысының ең ерекше ағаштары" фотосы;
- "Жасыл қала" плакаты;
- "Қазақстанға 1 000 ағаш" челленджі.
Байқау жұмыстарын келесі электронды мекенжайға жолдау қажет: ecoobraz.krg@gmail.com.
Әр номинация бойынша жеңімпаздар дипломдармен және кәдесыйлармен марапатталады.
Байқау туралы ережені Taplink-тен жүктеуге болады. Ол ecomuseum.kz Instagram профилінің басты бетінде болады немесе ұйымдастырушылардан WhatsApp арқылы сұрауға мүмкіндік бар: +7-705-759-99-09.