Қарағандылық Сабыржан Аққалықов бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Қарағандылық Сабыржан Аққалықов бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Қарағандылық Сабыржан Аққалықов Кельц қаласында (Польша) өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 64 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Шешуші жекпе-жекте Сабыржан Украинаның төрт дүркін чемпионы Бозорбой Матякубовпен кездесті. Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен бұл жекпе-жекте жерлесіміз жеңіске жетті.

Сабыржан 18 жаста, ол бес жыл бойы бокспен айналысады. Оны Александр Насибулин жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетейік, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты 13-23 сәуір аралығында Польшада өткен болатын. Оған барлығы 66 елден 487 мықты жас боксшы қатысты. Жалпы есепте Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 10 медаль жеңіп алды.