«Даму» қоры: кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына түзетулер енгізілді

«Даму» қоры: кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына түзетулер енгізілді

COVID-19 коронавирусының таралуы салдарынан туындаған қолайсыз жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды бекітті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулыларында келесі өзгерістер енгізілді:

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жаңа бағытты енгізу - лизингтік операцияларды кепілдендіру және субсидиялау;

- «Қарапайым заттар экономикасының» аясында портфельдік кепілдендіруді қолдану;

- IT-технологиялар саласында (6 ЭҚЖК) және тұз өндіру саласында (техникалық тұз) саласында ЭҚЖК рұқсат етілген тізімі кеңейтілді;

- өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсетуде субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын, оның 6%-ын ЖКС төлейтін несиелер/лизингтік операциялар бойынша жүзеге асырылады;

- агроөнеркәсіптік кешенде қайта өңдеуге арналған инвестициялық жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын, оның 6%-ын ЖКС төлейтін несиелер/лизингтік операциялар бойынша жүзеге асырылады;

- банктер/даму банктері/лизингтік компаниялар мен несиелік серіктестіктер, қаржылық ұйымдарымен 8 жыл ішінде берілген несиелер/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған несиелер/лизингтік операциялар субсидиялануға жатады;

- сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бір кәсіпкер үшін 100 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 100% айналым капиталын толтыруға бағытталған 500 миллион теңгеге дейінгі несиелерге рұқсат етілді.

Қордың бағдарламалары жайлы толық ақпаратты damu.kz сайтында немесе 1408 телефоны бойынша байланыс-оратылығынан, бизнесті іске асыру мекен-жайы бойынша «Даму» Қорының аймақтық Филиалынан біле аласыздар.

«Даму» КДҚ АҚ Қарағанды облысы бойынша Аймақтық филиалының ақпараты бойынша