"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлері жұмыс орнында вакцинацияланады

"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлері жұмыс орнында вакцинацияланады

Теміртауда халықты жаппай вакцинациялау сәуір айында басталды және кешегі күнге дейін оған емханалардағы тіркеу бөлімдері, сондай-ақ eGov порталы арқылы жазылуға болатын. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау процесі одан да ыңғайлы болуы үшін "АрселорМиттал Теміртау" металлургия комбинатының қызметкерлері кәсіпорында екпе алады.

Ол үшін комбинаттың Денсаулық бекеттеріне №1 емханадан бригада келеді.

Кеше, 15 сәуірде автокөлік басқармасының денсаулық сақтау пунктінде комбинат қызметкерлеріне вакцинация жүргізілді. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Биджу Наир алды, сондай-ақ оның жұбайына екпе жасалды.

- Қазір барлық адамдар коронавирустың таралуын бақылауда ұстауы үшін күш біріктірудің уақыты келді, ал вакцинация - бұл маңызды қадам. Мен әріптестеріммен бірге осы науқанға қосылдым, - деді Биджу Наир вакцинация процедурасынан кейін.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша