Бос орындар жәрмеңкесі: Шет ауданының тұрғындарына 62 жұмыс орны ұсынылды

Бос орындар жәрмеңкесі: Шет ауданының тұрғындарына 62 жұмыс орны ұсынылды

Шет ауданының мәдениет үйінде Бос жұмыс орындары және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жұмыссыздарға барлығы 62 жұмыс орны ұсынылды.

Жұмыс берушілер аудандық прокуратура, пробация қызметі, орталық аурухана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жол мердігері "Сине Мидас Строй" және "Sary – Arka Copper Processing" ЖШС (тау-кен металлургия компаниясы) болды.

— Жәрмеңкеде адамдар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, еңбек жағдайларын делдалсыз талқылай алады. Болашақта осындай жәрмеңкелерді ауданымыздың барлық елді мекендерінде өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Аманбол Амангелдин.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, атаулы әлеуметтік көмек, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жастар мен көп балалы отбасылар үшін өтеусіз гранттар туралы ақпарат алды.