Қарағанды облысының тұрғындары заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ақшаға тапсыра алады. Биыл акция 20 сәуірде басталады.
Ерікті түрде тапсырылған мылтық үшін сыйақы оның түріне байланысты - 100 АЕК-ке дейін (шамамен 290 мың теңге) қарастырылған.
Өз еркімен тапсырған кезде азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
- Аталмыш шара жыл сайын өткізіледі. Сатып алу ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірушілер полиция бөліміне өтініш беруі тиіс, - деп түсіндірді Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөлімінің бастығы Сәкен Игембеков.
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша