Қарағандылық шахтёр-футболшылар командасы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Қарағандылық шахтёр-футболшылар командасы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Нұр-Сұлтанда 40+ жас санатында футзалдан Қазақстан Республикасының I чемпионаты өтті. Біріншілікті Қазақстан футбол әуесқойлар лигасы ұйымдастырды. Жарысқа Қарағанды шахтерлерінің командасы қатысып, жеңіске жетті.

Чемпион атағы үшін он команда бақ таластырды. Алтын жүлдені «И. А. Костенко атындағы Шахта» командасы жеңіп алды. Топ құрамында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті кәсіпорындарының қызметкерлері мен ардагерлері ойнайды.

- Біз чемпионаттарға әрқашан жеңіс үшін барамыз. Командамыз мықты, ұзақ уақыт бірге ойнадық. Біз бірінші орын аламыз деп оқатылп барғанбыз, алайда бұл жеңіс одан да жағымды болды, - дейді команданың ойнайтын жаттықтырушысы, И. А. Костенко атындағы шахтаның үңгілеушісі Евгений Ирхин.

Қарағандылықтар чемпион кубогы мен алтын медальдардан басқа тағы екі беделді марапатқа ие болды. «Абай» шахтасының ардагері Юрий Колесниченко үздік шабуылшы атанды. И. А. Костенко атындағы шахтада жұмыс істейтін Владислав Гац үздік қақпашы атағына ие болды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша