Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды

Орта кәсіптік, техникалық және жоғары оқу орындарының 2019, 2020 және 2021 жылғы түлектері жастар тәжірибесіне шақырылады. Тәжірибеге жасы 29-дан аспаған, соңғы үш жыл аралығында оқуын бітірген, жұмыссыз жүрген жастарды жолдайды. 

Жастар тәжірибесі мерзімінің ұзақтығы – 6 айдан аспайды.

Ай сайынғы жалақы көлемі 25 АЕК құрайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін тұрғылықты орны бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш тапсыру қажет. Сонымен қатар келесідей құжаттарды ұсыну керек:

– жеке куәліктің көшірмесі;

– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

– техникалық және кәсіби, орташадан жоғары, жоғары және ЖОО-нан кейінгі білімін растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін қалалар және аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет. Сонымен қатар толығырақ ақпаратты Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту орталығының Instagram-дағы парақшасынан және (8-7212) 996-402 телефоны арқылы алуға болады.