Қарағанды кітапханасында журналист және аудармашы Марал Хасеннің жеті томдық туындысының түсаукесері өтті

Қарағанды кітапханасында журналист және аудармашы Марал Хасеннің жеті томдық туындысының түсаукесері өтті

Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасында публицист және аудармашы Марал Хасеннің таңдаулы шығармалыр жинағының онлайн-тұсаукесері өтті. Танымал журналистің туындылары «Қаламгер мұрасы» деген атаумен жеті томда ұсынылды.

Замандас ақындардың айтуынша, Марал Хасен кәсіби, терең ойлайтын публицист болған. Ол қазақ және орыс тілдерін жетік білген. Оның аудармашылық дағдысының арқасында оқырмандар шет елдің ұлы жазушылардың туындыларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараға бас қонақ ретінде журналистің жұбайы Рымбала Смаилова шақырылды. Сол кісінің арқасында жеті томдық туынды жарық көрді. Ол жұбайының жазған барлық шығармаларын жинақтап, өз қаражатына оларды жеті томдық жинақ етіп басып шығарған.

Шараға Қарағанды, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының белгілі жазушылары қатысты. Олар кездесуге қатысушыларға Марал Хасеннің шығармашылық жолы жайлы айтып берді.

Сондай-ақ кітапхана ұжымы оқырмандар назарына Марал Хасеннің шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұсынды.