Қарағанды актері "Театр фотообъективте" халықаралық байқауында үш жүлделі орынға ие болды

Қарағанды актері "Театр фотообъективте" халықаралық байқауында үш жүлделі орынға ие болды

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының актері Руслан Маевский "Театр фотообъективте" (THEATRE EXPOSED) Халықаралық театр фотосуреті байқауының жүлдегері атанды. Байқауға қатысу үшін жұмыстарды әлемнің 19 елінен келген әуесқойлар мен кәсіпқойлар жіберді. Карантиндік шектеулерге байланысты іс-шара онлайн форматта өтті.

Қарағандылық "Әуесқой" санатындағы жұмыстар "Еркін фото" және "Ретрофото" номинацияларында бірінші орын алды, сондай-ақ Руслан "Портрет" номинациясында күміс алды.

Актер фотоконкурс туралы К. С. Станиславский театрының жетекшісі Дунай Еспаевтың арқасында білді.

- Бұл менің алғашқы тәжірибем болды. Жалпы, мен кәсіби фотографиямен айналыспаймын. Байқауға 20 сурет жібердім. Олардың барлығы түрлі жанрларда жасалған. Мысалы, бірінші орын алған қара-ақ фотосуретте К. С. Станиславский атындағы театрдың қойылым сәті бейнеленген. Мұнда Баба Яга рөлін Ирина Городкова (Немцева) ойнайды. Сурет өткен ғасырдың 80-ші жылдары жасалған. Бұл айтарлықтай ерекше жұмыс. Қазылар алқасы да мен жеткізгім келген эмоцияларды көрді, - дейді актер.

Карантинге байланысты қойылымдарды түсіруге мүмкіндік болмады. Сондықтан Руслан қызықты суретке түсіру үшін қоюшы-режиссерге айналды.

- Мұрағаттан бірнеше фотосуретті қолдандым. Бірақ байқау үшін арнайы түсірген жаңа жұмыстарым да болды. Бір мезгілді режиссерлеу және суретке түсу қиын болды. Бүгінгі таңда театр өнері күрделі кезеңді бастан кешуде деп санаймын. Менің ойымша, фотосурет - бұл да өнер. Фотосуреттің көмегімен сөйлесуге болады және сөйлесу керек. Сондықтан бұл байқау - театр туралы жария етуге тамаша мүмкіндік, - деп атап өтті Руслан.

Фотобайқау және оның жеңімпаздары туралы Facebook-тегі ресми парақшадан көбірек біле аласыздар.