Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қасиетті Ұлытау» экспозициясы өтуде. Фотокөрме фотограф Дмитрий Ругистің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайындағы бірнеше жылдық еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Халық аңыздарымен көмкерілген киелі өлкеге саяхат тау-кен инженерінің тағдырын түбегейлі өзгертті. Бірнеше жыл бойы белгісіз әуесқой фотограф Дмитрий Ругис National Geographic Qazaqstan журналы мен Nomad Explorer саяхатшылар бірлестігінің танымал бейнографы, өлкетанушысы, фотографы болды. Бүгінде ол TEFA Eurasiaphoto шығармашылық бірлестігін басқарады және Қазақ Географиялық қоғамының белсенді мүшесі болып табылады.
- Мен фотографияға шамамен 10 жыл бұрын қызығушылық таныттым, - дейді Дмитрий Ругис. - Турист-достармен слеттерге шыға бастағанда, айналаның сұлулығын түсірмеу мүмкін емес екенін түсіндім. Фотографиялық білім алу үшін Теміртау қаласындағы «Сплав» клубына бардым. Фотограф ретінде оқып, өсе бастадым. Мені әрдайым пейзаждық түсірілім қызықтырды. Пікірлес фотографтармен бірге Қазақстан бойынша саяхат жасай бастадық.
Белгілі фотограф Ерболат Шадраховтың шақыруымен Ұлытауға сапарының бірінде Дмитрий жергілікті мұражай-қорық директоры Бақтияр Қожахметовпен кездесті. Осылайша олардың ынтымақтастығы басталды. Бірақ мұның алдында бір маңызды оқиға болды. Дмитрийдің айтуынша, Оның алдында кәсіптік жаңа мүмкіндіктер ашылған бетбұрыс Әулиетау тауына көтерілу болды.
- Бұл қасиетті тау. Оның шыңы - қажылық орны. Мен оған 2016 жылы көтерілгенде, ерекше сезіммен түстім. Аспан маған назар аударғандай. Менің фотограф және бейнограф ретіндегі жолым күрт көтерілді. Мені қорықта мұражай фотографы болуға шақырды. National Geographic Qazaqstan журналына арнап, «Ветер странствий» және «Вокруг света» газеттері мен журналдарына мақалалар жаза бастадым. Nomad Explorer компаниясының басшысы Марғұлан Сейсембаймен таныстым. Осының арқасында бүкіл Қазақстан бойынша керемет экспедицияларда болдым. Тауға шығу таңғажайып белгі болды, содан кейін мен күш жинап, өзімнің мүмкіндіктерімді ашып, өрг жүзе бастадым, - дейді Дмитрий Ругис.
Бір жыл өткен соң ҚР Ұлттық мұражайында Дмитрийдің алғашқы фотокөрмесі өтті. Содан кейін Алматыда «Қазақстандықтар» атты жеке фотокөрме өтеді. 2019 жылы Ұлттық мұражай мен Qazaq Geography жеке экспозициялары өтті.
Шебердің алғашқы бейнесі бірден Маврикийге түсті. Мұнда қазақ жылқы өсірушілерінің салт-дәстүрлерінің тұсаукесері өткен болатын. Олардың барлығы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына енді. Өткен жылы Дмитрий Ругис Ұлытау туралы 11 ролик түсірген.
- Ұлытау - аты аңызға айналған өлке деп есептеймін. Ол бүкіл Еуразия құрлығының тарихына әсер еткен адамдармен байланысты. Бұл жер тарихи ескерткіштерге толы мекен. Хан ордаларының шоғырланған жері болды. Аумағында Жошы, Алаша сынды ұлы хандардың жерленген жерінде тұрғызылған кесенелер көп. Аңыз бойынша, зороастризмнің негізін қалаушы Заратуштра осында өзін аша алды, - деп Дмитрий аймақтың артықшылықтарын тізімдейді.
Ұлытауды ежелгі металлургия өлкесі - Жезді, Жеказған, Қарсақпай деп те атайды. Қорғасыннан аталмыш металл шахталарының қалдықтары табылды. Дмитрийдің бастамасымен олар туристік нысандарға айналды.
- Бұл аумақта таңғажайып әр түрлі табиғат бар, - дейді фотограф. - Солтүстікте көлдерде фламинго ұя салады. Оңтүстігінде – Бетпақ-дала құмдары. Солтүстік-батысында Ақжар фантастикалық бор таулары, өзен каньондары бар. Ортасында тау массиві орналасқан. Бұл аймақтың әйгілі тауларының бірі - Әулиетау әлемге танымал Арарат, Кайлас, Килиманджаро сияқты алыптармен тең келеді.
Өткен жылы Дмитрий Ругис Ұлытау ауданында салынған визит орталығымен белсенді ынтымақтаса бастады. Оның фотосуреттері жаңа құрылысты безендіріп қана қоймайды, олар «Жезкиік», «Оңтүстіктің аңыздары», «Памир трактісі» фотоальбомдарын шығаруға негіз болды. Жақында «Киелі Ұлытау»фотожазбасы баспадан шықты.
- Бұл қорытындылаудың бір түрі. Фотоальбом 5 жыл түсірілімдегі 375 фотодан тұрады. Сыйлық ретінде оны Ұлытау қонақтары алады. Қазірдің өзінде ол сұранысқа ие. Маған Қазақ Географиялық Қоғамы, National Geographic Qazaqstan журналы, Павлодар география үйі жеке өтініш білдірді. Жаңа альбомда өлкенің тарихи және табиғи байлығы, бүкіл ел үшін киелі мәні бар нысандар көрсетілген, - дейді Дмитрий.
Қарағандылық фотограф Ұлытау өркениеттік және өнеркәсіптік орталықтардан қашық орналасқандықтан сақталған деп есептейді. Бұл жерде ежелгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар әлі күнге дейін құрметтеледі, ал адамдар ұлттық қолөнермен айналысады.
- Мысалы, Терісаққан ауылы жылқы шаруашылығымен байланысты салт-дәстүрлерімен танымал. «Қымызмұрындық», «Бие байлау» және «Айғыр қосу» адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді. 2012 жылдан бастап ауылда жыл сайын «Терісаққан көктемі» этнофестивалі өткізіледі. 2018 жылы Ұлытауда «Жезкиік» халықаралық этникалық музыка фестивалі пайда болды. Менің бала кезімнен ұлттық қазақ мейрамына қатысу арманым болды және ол енді қана орындалды, - деп түйіндеді Дмитрий.
Ұлытаудың адамдары да ерекше. Ол әріптестерімен бірге олардың қонақжайлылығын бірнеше рет бастан өткерген. Олардың күнделікті киімдерінде қазақ өрнектері бар.
- Дәл осы үшін туристер бұл аймаққа келеді. Оларға жайлылық қажет емес, олар біздің заманымызға жеткен ежелгі дәстүрлер мен қолөнерді көргісі келеді. Ұлттық нақышты сезніп, тарих пен тамаша сұлу табиғатқа шомуды қалайды. Ұлытаудың болашағы зор, - дейді фотограф.
Қазір Дмитрий Ругис «Ұлытау таулары - ұлы таулар» жобасы бойынша жұмыс істеуде. Ұлытау деп аталатын таулар Еуразияда бірнеше рет кездесетінін білетіндер аз. Олар Кавказда, Алтайда, Түркияда және Шорияда бар. Аты сәл өзгертілген - Улыдаг, Уллы-Тау.
- Біз Ұлытауды даланың географиялық және Киелі орталығы деп санаймыз, - дейді Дмитрий. - Біздің мақсатымыз – осы бр жаңалығымызды тарихты ойлайтын және қызығатын көптеген адамдардың игілігіне жарату. Сонымен қатар, қазір мен «Еуразия, дала, халықтар» жобасымен айналысамын. Дүниежүзілік экспедицияға барып, оның негізінде фотоальбом мен фильм жасау жоспарда бар.
Жалпы, Дмитрийдің фотографиялық арманы - әлі болмаған Қазақстандағы жерлерге бару. Мысалы, Жоңғар Алатауы.
- Республикамыздың бірегей және тарихи маңызы бар жерлерінің фотосуреттер мұрағатын жинағым келеді. Ұлытаудың түсірілімі осы өлкенің Қазақстан тарихындағы маңызын қалпына келтіруге көмектеседі деп есептеймін. Мен осы ауданның дамуы мен танылуына үлес қосқым келеді. Менің суреттерімнің пайдасы болуы керек. Бұл менің жұмысымның мәні, - дейді объектив шебері.