Қарағандылық Ажар Салықова самбодан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Қарағандылық Ажар Салықова самбодан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Жерлесіміз Ажар Салықова 65 келі салмақ дәрежесінде Мәскеуде өткен самбодан өткен "А.Харлампиевтің Мемориалы" әлем Кубогында алтын жүлдені жеңіп алды.

Екі күн ішінде 21 медаль жиынтығы ойнатылды. Олар үшін 16 елден: Армения, Бахрейн, Беларусь, Болгария, Греция, Грузия, Қазақстан, Камерун, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген 300 мықты спортшы бақ сынасты.

Ажар Салықова – Дзюдодан ҚР спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін чемпионы. Дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Үндістан, Кочи). Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан ҚР үш дүркін чемпионы. Самбодан (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақ күресінен спорт шебері - ҚР чемпионы.

Самбодан әлем чемпионатында бойжеткен 2019 жылы қола медальға ие болды. Содан кейін ол осы спорт түрімен бір жыл ғана айналысқан, бірақ ол жарыстарға қатысу тәжірибесін жинап, алға қадам басты.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша