Гоголь атындағы кітапхана "Қарағандылық Bookblogger" акциясын бастады

Гоголь атындағы кітапхана "Қарағандылық Bookblogger" акциясын бастады

"Қарағандылық Bookblogger" онлайн-акциясын Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды.

Шараға қатысуға жасына қаоамастан аймақтың барлық тұрғындары шақырылады. Сізге тек сүйікті кітабыңыз туралы шығармашылық бейне жазу керек болады. Хронометраж 3-5 минуттан аспауы тиіс.

Режиссерлерлік қиялға шектеу қоймайды. Бейне кез-келген жанрда түсірілуі мүмкін. Сонымен қатар, сүйікті шығармаңыз туралы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде айта аласыз. Дайын бейнебаяныңыз 2021 жылдың 31 қазанына дейін әлеуметтік желілердегі парақшаңызда (YouTube, Instagram, Facebook және т. б.) #karlib #bookbloggerkrg хэштегтері арқылы жариялануы тиіс.

Ең үздік бейнероликтер "Қарағанды облысының кітапханалары" атты YouTube арнасында жарияланады, ал олардың авторларын акцияның ұйымдастырушылары атап өтеді.

Байқау туралы ережемен Гоголь атындағы кітапхананың ресми сайтында танысуға болады.