Жүрек жылуы: Жаңаарқа ауданында қайырымдылық акциясы өтті

Жүрек жылуы: Жаңаарқа ауданында қайырымдылық акциясы өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Жаңаарқа ауданында ұлттық құндылықтар мен ұмытылған тағамдарлың рецепттерін жаңғырту бойынша түрлі іс-шаралар, сондай-ақ қайырымдылық акциялары өткізіледі.

15 Наурыз - Жайлау күні - Жастар ресурстық орталығы "Бауырсақ party" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл күні 500 бауырсақ дайындалып, Жаңаарқалықтарға таратылды.

Қайырымды істер күні, 18 наурызда қайырымдылық іс-шарасы "Жүрек жылуы" акциясымен жалғасты. Ол ұлттық тағамдарды дәріптеуге арналған.

- Акция Жаңаарқа ауданы әкімдігімен, ішкі саясат бөлімімен және жастар ресурстық орталығымен ұйымдастырылған. Бізді аудан орталығындағы бес балабақша мен жеке кәсіпкерлер қолдады. Акция барысында 300 литр наурыз көже және 500 бауырсақ дайындалды. Арнайы безендірілген қораптарда тамақ аудандық аурухананың медицина қызметкерлеріне, науқастар мен тұрғындарға таратылды. Осы қайырымдылық іс-шараны дайындауға көмектескендердің барлығына алғыс айтамыз, - деді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұргүл Әубәкірова.