Қарағанды кітапханасында ғалым Салық Зимановтың өмірі мен қызметі туралы баядалды

Қарағанды кітапханасында ғалым Салық Зимановтың өмірі мен қызметі туралы баядалды

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында академик, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың 100 жылдығын мерекелеу аясында «Зиманов дәрісі» атты кездесуі өтті.

Көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Салық Зиманов туралы оның оқушысы, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі, з. ғ. д., профессор, ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбеков айтып берді. Ол Салық Зимановтың тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздерін қалыптастыруға қосқан зор үлесін атап өтті.

Шара аясында «Алып тұлға ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ және орыс тілдеріндегі мерзімді және кітап басылымдары Салық Зимановтың тұлғасы мен ғылыми қызметі туралы баяндайды. Онда шығармалардың толық жинағы, жекелеген жұмыстар, сондай-ақ сирек кітаптар қорындағы оның алғашқы басылымдары ұсынылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.