
Тарихқа тағзым ету күніне орай Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде "Жамбыл поэзиясы. Мұражай қауымдастықтары" атты экспозицияның ашылуы ұйымдастырылады. Қазақ ақынының туғанына 175 жыл толуына арналған іс-шара 17 наурызда сағат 15.00-де өтеді.
Көрермендер алты көрме орнын аралайды. Олардың әрқайсысында Жамбыл Жабаевтың қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдерінен үзінділер орналастырылады. Поэтикалық жолдардың жанында мұражай экспонаттары қойылады. Осылайша мұражай қызметкерлері символдар көмегімен ақынның ішкі әлемімен таныстырады.
Көрме өтетін күні Жамбыл өлеңдерін Теміртау қаласының №4 орта мектебінің оқушылары оқиды.