Қарағандылықтарды классикалық музыка концертіне шақырады. 28 наурызда "Шалқыма" концерт залында неміс композиторы және пианисті Людвиг ван Бетховеннің вокалдық шығармалары орындалады.
Сахнада елордалық "Астана Опера" театрының жетекші солисі Евгений Чайников өнер көрсетеді. Әншіні республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Елена Цветцих фортепианода сүйемелдейтін болады.
Концерт 28 наурызда сағат 17.00-де өтеді.
Билеттерді "Шалқыма" КЗ кассасынан сатып алуға болады.