Абайда 550 орындық жаңа балабақша ашылды

Абайда 550 орындық жаңа балабақша ашылды

Қарағанды облысының Абай қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша 550 орындық балабақша ашылды. Мектепке дейінгі мекемеде 100-ден астам жұмыс орны ашылды.

Қазір жаңа балабақша штаты жасақталуда.

- Абайда мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс іздеп жүрген мамандар көп. Біз тиісті білімі бар қызметкерлерді жаңа бағдарламалар бойынша оқытамыз. Балабақшада даму үйірмелерін, спорт секцияларын ашуды жоспарлап отырмыз, - деді "Әдемі бөбекжай балабақшасы" ЖШС басшысы Ербол Қарнақбаев.

Балабақша Политехникалық колледждің бұрынғы ғимаратында орналасқан. Онда балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

ortalyq.kz